Posted in

БОЙЫНА ДАРЫДЫ

А) Көрген тәрбиесі, алған білімі, ортадан жұққан қасиеттер әсерін тигізді, жемісін берді, бүкіл болмысынан көрініс тапты. ~ Жақсылықтың шапағаты, ізгіліктің нұры бойына дарып, зерделі де биік болып өссе екен дейсің. Адамдықты сезінген, жылылықты ұғынған бала жақсы азамат болып өсері анық. Ә. Ысқ. ~ Бұл білетін Дорианның жақсы қасиеттері тым көп, ол зиялылық бойына дарып туған адам! О.Уай. ~ Қасиеттеп, қастерлеп сақтаған, ана сүтімен қоса бойына дарыған киелі түсінік – дүниесі төңкерілген. Ет пен сүйегі езіліп, тұла бойын қуалап сынап жылжып ағуға жақын. С.Елу. ~ Қаламгер бойына дарыған талантты да Тәңірім біреуден алып біреуге беретін болса керек. Д.Қуат.
Ә) Бүкіл денесіне әсер етті.
~ Жеңін қысып ұстаған жігіт саусағының дірілін, Ержан өңіндегі толқуды анық сезді. Осы ыстық леп бойына дарып, Раушанның жүрегі лүпілдеп қоя берді. Т.Ахт.