А) Өзіне бағытталған соққыны денесіне тигізбеді, жалтарып кетті, қағып жіберді. ~ Жаман қатты дәндеген екенсің, албат қарақшы! — деп шоқпарын ыңғайлап жақындай берді де, жарқ етіп сілтенген алдаспанды бойына дарытпай жалтарып кетіп, шоқпарын жауының қарақұсына дәлдеп, құлаштай ұрды. С.См. ~ Жоқ, біздің дала қонақжайлы, бірақ тонаушыларды сыйламайды, оларды былай істейді, – деп Ядгар бектің сілтеген қылышын бойына дарытпай қағып жіберді де өзі шабуылға шықты. АҚ “Арпалыспен…”
Ә) Өзіне қарата айтылған уәжді қабылдамады, құлағына ілмеді, тойтарыс берді. ~ Өзге Құнанбай атаулының бұл сағаттардағы «сағым сынды», «бағыма нұқсан келді» деген беймаза байбаламын Абай түсінсе де, өз бойына дарытпаған. М.Әу. ~ Айғаным, әуелі: – «Саттардың үйі аман ба?..» – деп бастап, оның қызымен өз баласының байланысы барынан «хабардар ма, жоқ па?» деп сыр тартпақ болып еді. Ғабдүр-рахим түсіне тұра түсінбей, бойына дарытпады. С.Мұқ. ~ Бұл сөздің төркінінде: «Ши- амбыға бізден гөрі сен жақынсын. Соның тәрбие- тәлімін сен көп көргенсің» деген астарлы ажуа да жатыр еді. Демежан сөз уытын бойына дарытпай, іле жауап қатты. Қ.Жұм.
Б). Маңына жақындатпады, қош көрмеді. ~ Жиырма жыл бойына ол өзінен дәмеленіп, қол созған жігітсымақтардың бәрін әр түрлі айла тауып, бойына дарытпайды. Т.Ахт.
