Posted in

БОЙЫНА ЛАЙЫҚ

Өзіне жарасымды, сай. * Өздерің көріп жүрсіңдер, осы айтқан сөз бойына лайық қазақ көрдіңдер ме? Өлімге шыдайтұғын қазақ көргенім жоқ, өлімге шыдамаймын деген де қазақ көргенім жоқ, кеңірдегін ғана көрсетеді-ау: «қиылып қана қалайын» деп. Егер осы сөз бойына лайық кісі көрінсе, ақылы жоқ болса да, қайратыменен-ақ кісі айдындыратұғын адам болғаны ғой! Абай. ~ Абай аттың құлағын «қамыс құлақ» деп қиған қамысқа теңемей, «бұтақ құлақ» десе ешкім нанбас еді. Сол сияқты дене күшін ерлермен салыстырып, аң алғыш қыранмын десе, Сара сияқты XIX ғасырдағы ауылдың қызының бойына лайық болмас еді. С.Мұқ.