Әлдебір қасиет, сезім жүрегінде, бойында, мінезінде орын тепті. ~ Біріміз – бойында еш кір, былғаныш сақталып тұра алмайтын, ағынды өзен тәрізді болсақ, екіншіміз – бар жамандықты бойына сақтаған, тұнып қалған, ағар жері жоқ қара су екенбіз. Сен сол қара сулығыңа тарттың. Енді түсіндім, еш жаққа аға алмадың, өзіңнен–өзің тұрып борсыдың. І.Ес. ~ Аса әсем галстук тағып, биік тақалы етік киген, бейне бір жастықтың бар албырттығын бойына сақтағандай кескінмен өкше темірлерін сыңғырлатып, қолдарын айқастырған осы бір тырысқан шалды қайда көргенін еске түсіргелі Валентен көп толғанды. О.Бальз. ~ … күндіз айналаң қар, қыс жұмбақтарын бойына сақтап мүлгіп тұрған ормандар мен мұздақтар, биік таудағы қыстақтың “Таубе” мейманханасындағы өзің түнеп шығатын орның, ал түнде орыс жазушылары өзіңе сыйға тартқан өзге керемет дүние – міне, ғажап десеңізші! Э.Хэм.
