Posted in

БОЛ-БОЛДЫҢ АСТЫНА АЛДЫ

Асықтырып, тынышын алды. ~ Буын бұрқыратып, паровоз дайын тұр екен. Машинист Қазанғапты асықтырып, бол-болдың астына алды. Ш.Айт. ~ Арқасында мылтығы шошайып, ит жетелеген аттылы үш еркек керуеннің бас-аяғын шолып, мал айдағандай айқайлап, боқтап, бол-болдың астына алады. Т.Сәу. ~ Әдепкіде аузыма сөз түспей, аңтарылып отырып қалдым. Ойланып алсын дей ме, кім білсін, тергеуші бол-болдың астына ала қоймады. С.Ом.