Posted in

БОРСЫҚША СОРДЫ

Аяусыз қанады. * Ондай шіренген балаларды сыртқа теппей, ішіне жабысып, борсықша сора беруге қулығың жетпеді. С.Жүн. ~ Комсомол хатшысы, аға. Қоғабай дейтін бір қу жақ. Өлтіргенің жақсы болды. «Қара таяқ… оқымысты… Борсықша сорып отырған қанаушы… Ақметшелерді жер аударған күні қосшы кедейлер «уһ!» деп бір кеудесін кере дем алады» деп әнеугүнгі жиналыста өңменін соза сөйлеген шешендердің ең бір өшпендісі еді… Х.Ес.