Шоқпардың бір түрі. ~ Параны Шалабайдан ондап алдың, Басынды бос мойыннан қорғап қалдың, Жігіттер бет-аузыңды көгерткенде, Ақсаңдап, шолақ иттей жолда қалдың!. С.Жүн. ~ Әкесі мен баласы әлі кеппеген бос мойын шоқпарды тақымдарына қысып, таңертең Қарқараға аттанды. Сол кеткеннен екеуі түн ауғанша оралмады. Үй ішін үрей биледі. Б.Нұрж. ~ Қазақтың бос мойын шоқпары, шашақты найзасы, орыстың торс еткізетін берденке, бесатары болмағасын, сәуле, ядро дегендердің не екенін білетіндердің айтуынан дүнді-барандап тұспалдағаны болмаса, қандай өрт, қандай көшкін екендігін қария қайдан біледі?! Ғ.Біл.
