Posted in

БОС САНДАЛДЫ

Көше қаңғырып, түк істемей, уақыт өткізді. ~ Бүгін күн базар еді. Базарда халық толы … Базар қыдырған жігіттер бар ақшаларына махорке мен шемішке алып, көрінгеннің аузына қарап бос сандалып жүреді. І.Жан. ~ Ақтай, бір уақытта Қадишаны Жұмағұл алуға өзі тілеулес болса да, жаздыгүні қырдан келген ағасынан: «Қондыбайдың қызынан артық кімді алушы едің? Соны алып мал мүлкіне ие болмай, бос сандалып жүрсің. Есеп білмейсің! Сенен Жұмағұл озып кетті… » — деген сөгіс естіген уақытта шынымен өкінгендей де болып еді. М.Әу. ~ Көшедегі қайыршыларға қосылып, аштан-аш бос сандалған күндерінде ол «жоқ, бұлардың бәрі, мен көрген азаптың жанында түк емес, мен бұдан да зорды көргем» деген ойды ғана медет қылды. Т.Әбд.