Еңбегі еш болып, уақыты босқа кетті. * Ар-ұяттан аттап өтіп, баланың ісін істеп отырған өздерің ғой, – деп екеуіне тіксіне қарадым. – Қайталап айтайын, мен үшін босқа арамтер болмай-ақ қойыңдар. С.Ом. ~ Жүр, балам. Түсінбестерге түсіндірем деп босқа арамтер болудың қажеті жоқ. Арың таза болса, басқаның түкірігі бетіңе мың жерден шашырағанымен кір жаға алмайды. С.См. ~ Әділет деп сен шырылдағанмен басқалар жабылып қоштап әкетпесе, онда босқа арамтер боласың. Әділетіпіл жалғыздың аузын жапқыза салу оңай. Оның әдісін тапқан. Үстіңнен “пара алады, мың– мыңдап алады” деп домалақ арызды айдайды да жібереді. С.См.
