Posted in

БОШАЛАҒАН ТҮЙЕШЕ (ІНГЕНДЕЙ)

Байыз таппай, беталды тентіреу туралы. ~ Өз үйіне түгел естірткен соң, бұ хабарды ішіне сыйғыза алмай, «Бозінген» бошалаған түйеше тайраңдай басып, екі қолын алды-артына құлаштай сермеп, Бірқұлақтікіне қарай жөнелді. Ж.Айм. ~ Мұнай табу — қиын іс, ал табылған мұнайды өндіру де оңайға соқпайды. Коммунист болсаң сені партия сонда қойды. Сонда боласың. Сен, шырақ, «онда болғым келмейді, онда жібер, мұнда жібер» деп бошалаған түйедей жай таппай келіп сырғисың! Ғ.Сл. ~ Шешесi бошалаған iнгендей сенделiп атсеркенiң арғы бетiнде жүр. Жүзiн төмен салып, аяғының басына қараған қалпы аузы жыбырлап сөйлейтiндей. Ә.Ыб.