Тым әсірелеп сипаттады; артық кетті; қара аспанды төндірді. ~ Дегенмен, осы бір тату жұбайлардың ғұмырында әлдебір «әттеген – айы» болса, онысы -есікті ашсаң бір аттап, бірден төрге шығатын, аядай ғана жалғыз бөлмеде тұратындығы. Осы «әттеген – айдың» бояуын қалыңдата түсерлік тағы бір жай – нәрестелері жоқ. С.Шай. ~ Өнерім құдіретіне дір етті кім, Дәл басып таба алдым ба жүрек қылын. Бояуын қалыңдатып алмадым ба, Бар ма екен жұрт танырлық таңба мұнда. С.Им. ~ Сонда, бәрібір қылмысты құтылып кетпек қой?! — Ой, бүйтіп бояуды қалыңдата беріп не керек?! О.Сәр.
