Құр бекерге күн өткізу, үйсіз, панасыз күн кешу туралы. ~ Міне, бір жылдан бері Ырғайты жігіттерінің ішінде болып, әбден үйренген Мардан алыс жерде бірге жүрген жолдастарынан айырылғысы келмеді. Бәрі бір «бөдененің үйі жоқ, қайда барса бытпылдық!»— деп ойлады. І.Жан. ~ Сандалтып жексенбі күні қай құдайдың айдап келгенін… қаншама уақытым рәсуә кетті, — деп ренжіді Аян. — Е-е, ағайын, шофердің күні осы да, бөдененің үйі жоқ, қайда барса бытпылдақ деген… Запас балонның бар ма? Қ.Ысқ. ~ Қазақтың елдік тізгіні өз қолында тұрмаған соң. «Бөдененің үйі жоқ, қайда барса бытпылдық» дегеннің кебін кимес пе? Ғ.Біл.
