Posted in

БӨКЕН ЖЕЛІС

Аттың бір қалыпты екпінді, қатты желісі. ~ Атам екеуіміз бөкен желіспен біраз жолды еңсеріп тастадық. Алғашқы аң ізін қуалап жүрген жерлерден мүлде басқа жақта келеміз. АҚ “Қансонарда”. ~ Сол кең даланы қақ жарып, көз ұшында көрінген құба белге қарай тіке тартып келеміз, Жүрісіміз кейде бүлкіл, кейде бөкен желіс. Ә.Әб.