Posted in

БӨРІ СЫРҒАҚ

Ат құлағы көрінбейтін боранды күндер. ~ Көпті көрген көнекөз қариялар қасқырлардың жұптасуына орай қаңтардың осы түнін «Бөрі сырғақ» деп атайды. Сырғақ деудің себебі қатты соққан бораннан қар үстінде ештеңе тұра алмай, сырғанап ұшып кетеді. Е.Сах.~ Үй қабырғасын аямай ысқылап, тоқал тамның төбесін арсыл-гүрсіл көшіріп жатыр. Атақты бөрі сырғақ боранның үшінші күні. К.Жүніст. ~ Түкірсең түкірігің жерге түспейтін сары аязды күндер болады. Ат құлағы көрінбейтін боранды күндер «Бөрі сырғақ» амалында басталады. Осы қақаған боранды ақпан айының аяғында қасқырдың арланы мен қаншығы жұптасады. Ж.Баб. ~ Ақырды ақпан тағы, бөрі сырғақ, Өлеңім, өзегімнің өрісін тап! Ақ таңда ақбоз мініп арқырасам – Бөрі сырғақ әуені тегіс ырғақ. Ғ.Жай.