Posted in

БӨРІКТЕЙ ҚАҚТЫ (ЛАҚТЫРДЫ)

Оп-оңай алып ұрды, тоңқалаң асырды. ~ Бұқа мойын, бура сан, Бұғалық бермес шу асау, Талайлар қорқып бұққан ер. He нәндерді бөріктей Қағып сілкіп циркті, Қалаларды құртқан ер. І.Жан. ~ Шоршыған да, ыршыған, Шегіртке сары, оқ жылан. Бөденелер бөріктей Қаққанынан соғылған. І.Жан. ~ Қылышын суырып қарсы ұмтылған кейбір ер жүректі жігіттерді, сермеулеріне мұрсат бермей, ұзын тұмсықтарымен қағып жіберіп бөріктей лақтырды. Хизар іші, пілдің ашулы дауыстарымен адамдардың үрейлері үніне толды. І.Ес.