Мәз-мәйрам болды; мақтанды; кісімсіді; есіріп кетті, әлдеғандай болды, кеудесіне нан пісті. ~ Алшынбай. «Тентекті тентек десе, бөркі қара қазандай болады» деп, бетімен кеткендердің сойқанды содырына кездесіп отырғанымыз жалғыз бұл емес. Б.Майл. * Ел тонау, мал тонау, оққа ұшу, найзаның ұшында кету қазағы ма, орысы ма, қай ауыл, қай хуторда болмасын үйреншікті оқиғаға айналды да біреудің тасы өрге домалап, бөркі қара қазандай болды, біреулердің қаны судай ағып, басы дауда, малы жауда кетті. Қ.Ысқ. ~ Түсі суық жан кіді сөйлеген жігітке ме, келіншекке ме, әлде беті жаңа бері қараған сәбиге ме, кімге арнағаны беймағлұм: − Ғафу, ойбой, ғафу! Бөркіңіз қазандай екен, қойдым! Шәй деспейік,- деді де, автобустың артқы жағына шегініп, орындыққа сылқ етіп отыра кетті. Жігітке түйіліп қарап қояды. М.Қаб. ~ Осы кезде төрт жылдай мылтық асынып, шинель жамылып, неміспен атысқан кісілерді “соғыс ардагері” деп астына көпшік қойып, бөркін қазандай ғып, төрге шығарып аспандатады келіп. Д.Досж.
