Posted in

БӨРКІ ДАҒАРАДАЙ БОЛДЫ

Масаттанды, мейманасы асты, танауын көкке көтерді. * Арғы түбі Төбейдің төрт баласы – Қоғам, Құйылдар, Мекірейіл, Майқыдан тараған мына Абақ, Тарақ, Қаңлы, Қатаған әулеті – бүгін біз Ұлы жүз атаныппыз. Бірақ оған бөркіміз дағарадай бола бермесін. Біздің де құдайдың аузынан, пайғамбардың белінен түспегеніміз белгілі. Ә.Кек. * Сөйтіп бөркі дағарадай боп жүріп, туған інісінің сөзін жерге тастапты. Ш.Айт. ~ Айналасын аждаһадай жұтып, ойраттардың бөркін дағарадай еткен Қалдан Бесоқты да көп асқанға бір тосқанның керіне ұшырап, жиырма алты жыл қонтайшылық құрғаннан кейін бір ақ нөсер сіркіреген көктем түнінде Аша-атымтай деген жерде елу екі жасында у ішіп өліпті. Ә.Кек.