Әлдебір іске тәуекел деп, бел шешіп кірісті. ~ Домбыра даусы шыққан соң Жүсіп әлденеге қызынайын деді білем, бөркін жерге алып ұрып жалаңбастанып: – Өне бойы кейи берген соң адамның мүлде берекесі кетеді екен, азырақ көңіл көтерілсін – ән салып жіберші! – деді. Б.Май (?). (“Тартыс”) ~ Әй, әй, Жорға! Сен, сен, не оттап тұрсың, әй!— деп ышқынып қалды шырылдауық Шәріп. Дыз етіп елдің алдына жүгіріп шығып, басындағы бөркін жерге бұлғап ұрды. Жердің шаңы бұрқ етті. Жорға Күрең селк етті. Жұрт үрпиіп қалды. С.Ел. ~ Аянатын нем бар? – деді Қасболат, – сендермен бірге боламын, елдегі өзім деген кедей – жалшыларды қасыма ертіп, уәде айтқан жерлеріңе жетемін. – Осыны айтты да, жауға шабатын батырдай буырқана түрегеліп, басындағы бөркін жерге алып ұрды. С.Ом.
