Posted in

БӨСПЕ СӨЗ

Бос даурықпа сөз, лепірме өтірік. ~ Бейшең ауызда береке жоғын, ғайбаттың құйыны ауыл жықпайтынын, қаңбақ қоқтықса өртке ұшырайтынын айтып өтті. Өзінің де бір кезде бөспе сөзге үйір болғанын, бұл күнде тоқтасқан, ауыл билейтінін ишаралады. Т.Әл. ~ Өлең болса неғыл дейсің?! Мақал төрт жолдан да, он жолдан да келе береді. – Қой, қарағым, он жол дегенің тіпті түк қисынға келмейді. Сондай бөспе сөз не керек. Өлең етіп айта бер, бізге қазір керегі қысқа, дөп айтылатын мақал. Ақан серім, енді өзің айтшы, ұмытып қалған жоқсың ба? С.Жүн.