Posted in

БӨТЕН МІНЕЗ КӨРСЕТТІ

Бассыздық, тәрбиесіздік танытты. ~ Адамның сыртқы бітімі – ішкі жан-дүниесін көрсетеді. Ішкі дүниесі – сайқал, қызғаншақ, іші тар, білімі таяз, ардан кеткен, ақылдан азған адамдар тұрған жерінде шәркез жылқыдай одырайып бөтен мінез көрсетіп, айналасымен ұрыс-қағыс шығарып, сыйымсыз болып өтеді. Б.Боп. ~ Жан сырымды көзімнен жалықпай ұқ, Бөтен мінез ешқашан танытпайық.Сыңарына сыр ашқан қос аққудай Махаббаттың көгінде қалықтайық. Ғ.Қож.