Астан-кестенін шығарды, шат-шәлекей қылды. * Байдың бұрынғыдай реті болса, о қыздың маңынан жүре алар ма еді. Сөз бірдеме шығып ұрғашыға бүйі тигендей қылған жоқ па? Ж.Айм. * Ақтың әскері басқан жерге шегіртке жайлағандай, бүйі тигендей болды. Шауып кеткен, басып кеткен, атып кеткен кезден шоласыз. Желтау маңында бір ауылды қалпымен қырып кетіпті. Ж.Айм. * Орал губерниясы, Ақтөбе маңайы Жанша Досмұқамбетұлын «хан» дейтін болды. Ханның милиция, әскері жүрген жерін бүйі тигендей қылды. С.Сей. * Біздің Мыңбұлақтың бастығын түлен түртіп, елдің ішін бүйі тигендей бүлдірді. Бірің қалмай, жаппай жаңа қонысқа көшесіңдер, – деді. Ш.Мұрт. ~ Біреуден біреудің артық-кемі жоқ, жұртшылық аспа-төкке малынып, қой үстіне боз торғай жұмыртқаламаса да күнделікті тапқан-таянғанын ішіп-жеп көйлек көк, тамақ тоқ жайбырақат жатқан мамыражай күй бүйі тигендей бүліне жөнелді. Ш.Рах.
