Тұрмысы бір түзелмеді, оңалмады, өмірі тойынып көрген емес д.м. ~ Пәре үддесіне келгенде әмір бүйірі шықпайтын, назары аш сұрақшыға Мамозы «Абдолла жайын қозғамай-ақ қояйық» деп айта алған жоқ. Ж.Ахм. ~ «Ұры байымас» деген емес пе, онымен бүйірі шыққан Сақар жоқ. Қанша айтса да, әке тілін алмаған қатыгез ұлға өмір бойы байдың малын бағып, нәпақасын маңдай терімен тапқан Қарабала қатты наразы болып: «Түбі оңбассың! » – деп еді. Ү.Жәл. ~ Көзі ілбиіп, танауы қусырылып, самай шашы селдіреп, кесенің түбінен ұстап тісінен сыздықтатып қымызды жұтады да отырады. Тұздан келіп тойына алмаған түйедей өміріне бүйірі шыққан кісі емес. І.Жан. ~ Құмардың есі кіргелі бүйірі шыққан жері жоқ. Бірақ пақыр болғысы келмейтін еді. Әкесін де нақұрыс деп ойлаған емес. Намыстанып қалды. З.Шүк.
