Posted in

БҮЙРЕГІ БҮЛК ЕТКЕН ЖОҚ

Еш қайғырған жоқ, селт етпеді. ~ Өлімге үйренген Сәденнің бұған бүйрегі бүлк еткен жоқ: «атты алып жөнел!— деді ол серіктерінің біреуіне, — өзгеміз мынаны ағаштың ішіне апарып, қарға көмейік!» С.Мұқ. ~ Олардың өлгеніне бүйрегім бүлк етпеген еді. Ғ.Мүс. ~ Сендердің адамдарың өлсе құны жоқталады екен. Біздің адамдар қынадай қырылып жатса да бүйректерің бүлк етпейді. Ж.Шәк. ~ Бесқарағайлықтар мектепті жағалап, дүкенді сағалап, «орталық» деп, Шұбарағаш пен Жалқарағайға жарыла көшіп жатқанда, мұның бүйрегі де бүлк еткен жоқ. Ә.Асқ.