Posted in

БҮЙРЕКТЕН СИРАҚ ШЫҒАРДЫ

Жоқ жерден шатақ шығарды, орынсыз қылық көрсетті. ~ Колхозда күш-көлік жеткілікті. Өздерің соның ретін тауып жұмсай алмайсыңдар да, осындайда келіп… бүйректен сирақ шығарасыңдар! О.Сәрс. ~ Курстас жігітпен сөз байласып, «әне кетемін, міне кетемін» деп жүріпті. Әке-шеше кенет бүйректен сирақ шығарып, ши қалпақты, жұқа папкілі Жапар баланың етегінен ұстайсың деген. М.Қаб. ~ Біздің атты бермеуі мүмкін емес, осының өзі сатып кетіп отыр, – деп, Әбділда студент бүйректен сирақ шығара сөйледі. Б.Майл. ~ Ол Зікірияны тауып, осы құдалықты сабақтап жүрген де сол Бәтен бәйбішенің өзі болса керек. Ол қақбас араласса бір бүйректен сирақ шығармай қоймайды. Ш.Мұр.