Бәрі бірігіп, тізе қосып; бірі қалмай. ~ Пайғамбардың қабырын көруге бара жатқан адам — ел көзінде қандай құрметті: бүкіл ел болып жиналып, сонау темір жолға шығарып салды мұны. Б.Майл. ~ Не де болса, бүкіл ел болып жол қарасқан жағдай бар. Ә.Кек. ~ Қардың шеті жылт етісімен бүкіл ел болып осы шаруаға кірісеміз. Қ.Жұм.
