Posted in

БҮЛКІЛ ЖЕЛІС

Аттың бір қалыпты шабысы. * МТС- тан шығарда заулай жөнелгенімен, биік дөңді асып, ауылға баратын даланың сүрлеу жолына түскеннен кейін Шағыр көз жиреннің әлгіндегі екпіні бәсеңсіп, бүлкіл желіске ауысты. С.Мұр. * Сол алғашқы ащы айғай үстінде шырқау көкке шығып алып, біраз қалықтап тұрады да, содан қайта сорғалап, майда бүлкіл желіске ауысады. Қ.Жұм. * Аттардың жүрісі бәсеңдеп, бұлаң құйрық бүлкіл желіске түскенде, Күнбала жұмсақ қоңыр даусымен үн қатты. С.Ом.