Posted in

БҰҒАҒЫ САЛБЫРАДЫ

Алқымын май басқан, семіз адам туралы. * Күжбан десе – Күжбан, үйге тіреу болғандай, бұғағы салбыраған, бұқа көз, дөй қара сәлемін соза айтып есіктен екі бүктеліп кіре берген. Т.Сәу. * Ойпырай, Есеке – ай! — деп Әбдіжапар бухгалтермен жыл көріспегендей тамсанып біраз отырды. — Бұғағың бұқаның әукесіндей салбырап барады ғой! Жеу жағын былай… ептеп тежей тұруға болмас па екен?!. Қ.Ысқ. * Кәтима бәйбіше — бұғағы салбырап, май басқан беті төңкерген табақ секілденіп, сол баттиған беттің ортасынан мұрнының ұшы ғана қылтиғандай боп, ырғала басып, ақ үйді орады. Б.Май.