Қамшының бір түрі. ~ Ұшына қорғасын салып өрген бұзау тіс қамшы екі- үш тигенде- ақ Қара қасқа айғырдың кеңсірігін қызыл ала қан қылып жарып өтті. С.Елу. ~ Ойбай, менің қамшымның жанында құрығың садаға кетсін. Ұшына қорғасын салып өрген кәдімгі бұзау тіс қамшы ғой, – деп әрең құтылыпты. Т.Әбд.~ Алдынан сөре, артынан қиқу таялса, Бұзаутіс қамшы бұтынан шақса шаянша, Құлажирен ат құйқылжып барып баянша Құла бір дөңнен құйылар еді қоянша. Ж.Жақ. ~ Былтыр Уфаға жете бергенде жолдарын тосып тұрған айғыр топ адамды көргенде көзі шарасынан шығып кете жаздаған. Бәрі − түлкі тымақ. Бәрі − қынаға боялған бурадай тон. Бөрінің қолында − бұзау тіс дойыр. Ә.Кек. * Және біздің правомызды да ескертіп қой, — деп бүлдіргесінен беліне іліп алған алты таспа бұзаутіс қамшының сабын өріміне қоса, етігінің ұзын қонышына сұғындырып қойды. С.Бег.
