Біреудің айтқанына көне кетті, соңынан ере берді. ~ Егін суару — оның бұл жалғандағы ең бір сүйікті ісі сияқты, мұндайда өңі нұрланып, жасаңғырап кетеді екен. Ол қайда барса, су да соның табанын жалап, бұйдалаған тайлақтай соңынан елпектеп еріп отырады. Қ.Жұм. ~ Сәлімнің шамасы назалануға да келген жоқ, манағы қайсарлықтан да іштеңе қалмапты. Мәдидің ендігі бір ойлағаны өздерінің келешегі екенін оның екеуі де сезген жоқ, тек бұйдалаған тайлақтай елбеңдеп Мәдиге ерді де күрең аттың қасына келді. Ә.Әб. ~ Бірде бұл қылығы қытығына тиген Ақерке: «Еркежан-ау, ауыл-ауылдың небір сыпа—сері, бай бағыланын бетіңе қаратпаушы едің, осы Қайыпқа келгенде бұйдалаған тайлақтай қайқаң қаға жөнелетінің қалай?» — деп қойып қалған. Ү.Жәл. ~ Жас келіншек қайнысына бар мейірімін төккенмен күйеуі өзіне жылы сөз айтуға тым сараң. Сонда да еріне қарсы сөз қайырмай, бұйдаланған тайлақтай емпең қағады. Ү.Жәл.
