Posted in

БҰЙДАСЫН (БҰЙДА) ҰСТАДЫ

Көш бастады; әлдебір қозғалысқа жол көрсетіп, басшылық етті. * Ал, бұл іске менің қандай қатысым барын білгіңіз келсе, мен — сол оқиғаның басы-қасында болған жәй қатардағы куәгер емес, 1962-жылғы көшті дайындаған, әрі соның бұйдасын ұстап келген адаммын. Қ.Жұм. * Жер шарындағы ең ұзақ көштің бұйдасын ұстаған қазақтардың Алтайдан басталған көш керуені Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға жеткені, одан бүгінгі Еуропа қазақтарын қалыптастырғаны бәрімізге аян. Ж.Шәк. * Қазақ жұрты Шу мен Қордай бойына кеп орнығып, өз алдына түтін түтеткесін алғашқы ханы қып Керейді сайлайды. Ол өлгесін баласы Бұрындық бұйда ұстайды. Ә.Кек.