Posted in

БҰҚПА ТОРҒАЙ

Жанын бағып, не нәрседен де сақтанып, бұғынып жүрген адамның сипаты. ~ Қой! – деп жекірді Мұхаң. – Қайтейін деп едің, басын ұнға тығып алған бұқпа торғай ғұсап отыра бер орныңда! Құрыдым да деме! Əлгідей арам пиғылдың адамы, өзің айтқандай, қуаруы мүмкін, бірақ құрымайды. Құртады, керісінше, құрта береді! З.Қаб. ~ Зілі бар сараң тілмен тың қуатты көрсеткендей. Жә, Тәкежан мырза! Бұл істеп тұрғаның қысас екені мәлім ғой. Қорқып, бұққан Жігітекті тағы да бұқпа торғайдай басынан асыра тас лақтырып, бұқтыра түсіпсің. Онсыз да жаны ашымас құдайын тағы да таныта түсейін деп тұрсың ба? М.Әу. ~ Бізде қазір үндеместер қаптап жүр. Билікте де, өкіметте де, президент айналасында да, депутаттар арасында да. Бәрі сақ, қу, әккі. Ал сонда не ұтты? Нендей пәледен құтылды? Жоқ, ағайындар! Мұндай айла-тәсілмен, бұқпа торғайдың тірлігімен бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына кіруіміз неғайбыл. Г.Бел. ~ Орман ішінде бұқпа торғайша бұғынып жан бағып жүрген шарқайлы мұжық жалт беріп ұстатпай діңкелетті ме, әлде жаушыны қаумалап, балталап тұқымын тұздай құртты ма, кім біледі. Жүрегінен уәйім еш жуылмайды. Д.Дос.