Posted in

БҰЛАҢ ҚҰЙРЫҚ

а) Аттың бір қалыпты жортуы, ылдым-жылдым жүрісі. ~ – Күн қызып, ел тұрғанша бойды
алыстатып алайық деп ойладық. Алдыма мінгізіп алдым. Ақауыз атты сынайтын жер келді.
Ақырын жүрісіміз бұлаң құйрық, әйтпесе жіберіп-жіберіп аламыз. Ж.Айм. ~ Түс кезінде
Ошақтыда отырған өзіміздің Назарымбет Жалғасбайлардан бір шай ішіп алып, бұлаң
құйрықпен күн бата ойға құладым. Т.Әбд.
ә) Қулық, айлакерлік, қитұрқы амал.. ~ Сөз осы! Ендігі бұлаң құйрықтың керегі жоқ! – деді
Сейтен. Ғ.Мүс. ~ Бұл екі зәңгі де қанша бұлан құйрық, майысқақ болғанымен, ел атына мін
болар намысқа шаппай тұра алмады. Қ.Жұм.