Posted in

БҰЛАҢ ҚҰЙРЫҚҚА САЛДЫ

Түпкі ойын жасырып, алдаусыратып, алдамақ болды. ~ Таңдайы тақ-тақ етіп, түлкідей бұлаң құйрыққа салып, көзі ойнақтап тұрған қу саудегерлерге, бай-мырзаларға казак-орыс тие де қойған жоқ. М.Дәу. ~ Олай жалтарма сен, бәрібір қыруар малды артыңа тығып жайбарақат жата алмайсың, ұялған тек тұрмас деп, бұлаң құйрыққа салғаныңнан түк өнбейді, ұры арты қуыс. С.Жүн. ~ Қалай қараушы ем, оң қараймын, – дедi Нәби де бұлаң құйрыққа салып. – Өзгеруi керек болған соң өзгерiп жатқан шығар. Т.Сәу.