Posted in

БҰЛБҰЛ ҚҰС

Күміс көмей әнші. ~ Сонда француздың әйгілі жазушысы, үлкен музыка сыншысы Ромен Роллан Әміре өнеріне сүйсініп: «Мен шығыста әншіні бұлбұл құсқа неге теңейтінін енді түсіндім», — деген. С.Бег. ~ Сара! Осы отырған құрбы-құрдастарың, апа-жеңгелерің өзара ақылдасып, бар асылымызды бойыңа тұмар етіп тағуды ұйғардық. (Қыздарға) Кәне, салыңдар ортаға! Киінсін! Киінсін Сара! Құлпырсын! Тұғырдағы бұлбұл құсымыздың үні естілсін шартарапқа! Б.Тоғ. ~ Зүбәржаттың сонда айтып отырғаны сандуғаш дейтін бұлбұл құс емес, Зиба екенін енді түсінгендеймін. Ш.Мұр.