Сүйкімді, нәзік; қорғансыз. * Өзін үнсіз қайрап, батыл да болғысы келеді, түптеп келгенде бұлдырықтың балапанындай тым қорғансыз, бейкүнә. – Тіршілік дегеніңіз тым-тым қатал, суық екен. Адам, әсіресе, әлсіз қыз бала шыдай алмастай ызғарлы, көкбет… Тәңірім-ай, кеудеге қатқан мұзды ерітетін, жаныңды жылытатын бір амал болсашы!.. Жоқ қой…титімдей амал, иненің жасуындай шығар жол жоқ-ау. Ж.Шағат. * Әлдібек томаға-тұйық жуас кісі еді, оқыс ой айтатындай түйіліп ұзақ отырып барып: – Келінім бұлдырықтың балапанындай сүйкімді бала екен, – деді де, Тоқтас қанша ынтыға күтсе де, Әлдібек
одан әрі үндемей қойды. Т.Нұрм.
