Ашу шақырды; зығырданы қайнады. * Мұраттың әкесінен «Балаңыз қандай оқу оқып жатыр?» деп сұраса, «Елдің балалары дені түзік оқу оқып, мал қарап, егін сеуіп жатса… менікі үңілетін жерді тауыпты!» деп жарықтық бұлқан-талқан болатын. О.Әбд. * Айтшы, Зүбәржат, осынша бұлқан- талқан болатындай, балаларды менен жасырып, көрсетпей қоятындай не бүлдiрдiм?! Ж.Шағ. ~ Самолет бәйгеге қосатын аттарды алып бара жатыр екен. Ал мен кіріп алған соң велисопедімді қабырғаға сүйедім де, өзім көзтаса қаға беріске тығылып жатып алдым. Ұшып келгеннен кейін ат иелері бұрқан-талқан болды. К.Мырз. ~ Күншілдердің күні қараң! – дейді біздің Әлжаппар, Соны айтқанда бұлан-талан болуында бір гәп бар! Қ.Аман.
