Posted in

БҰЛТ АЛА, ЖЕР ШОЛА (ЖЕР АЛА, БҰЛТ ШОЛА)

Не нәрсе де бір қалыпты болмайды, жақсы-жаманы аралас келеді д.м. ~ «Бұлт ала, жер шола» дегендей, сол бір қысаң шақта, Тобыл мен Обағанды бойлай жаңбыр өтіп, тақыр жердің көктей бастаған хабары естілді. С.Мұқ. ~ – Апыр-ай, жер ала, бұлт шола деген. Бір теңіздің екі басы да екі түрлі бола береді екен-ау. Ана жақ бағана біз шыққанда май тоңғысыз жылы еді… Ә.Нұрп. ~ Жаңағы сөзінен сол өткен түнгі ашудың зардабы әлі көрініп тұрса да, Жамал өз ойын оның алдына ептеп тарта берді. — Зады, колхозсыз ел естідің бе, Олжеке? — Бұлт ала, жер шола емес пе, неге болмасын? Ғ.Мұст.