Posted in

БҰРАҢ ЖОЛ

Бұрылысы, қиғаш бағыты мол өмір жолы. ~ Әлгіде мені ынтасыз қарсы алған әйел, енді менің момын екендігіме, анау-мынау бұраң жолым болмағандығына көзі жеткен соң тарта, шүйіркелесе сөйлесіп, балалар үйінің жайын таныстырып отыр. Ғ.Мүс. ~ Бұл уақытта Абайдың жасы 24-ке шыққан-ды. Көз алдынан өзі шегіп өткен жылдардың бірталай күйлері шұбатылып өте берді. Байқап қараса, өмірдің бірталай қат-қабатынан, шытырманынан, бел-белесінен өтіпті. Бір шақта ерге басып, енді міне қияға қарай да өрлеп келе жатқан тәрізді. Осындай өз тірлігінің бұраң жолын көрді. М.Әу.