Posted in

БҰРҚ-САРҚ ҚАЙНАДЫ (ЕТТІ)

а) Ашуы (не басқа сезімі) тасып, буырқанды. ~ Бұл хабар Түркістанда отырған Қоқан бегіне жетеді. Бек ашуланып, бұрқ-сарқ қайнап: “Ойлыбайдың көзін құртам. елін шабамын!” деп бүлінеді. О.Сәрс. ~ Тасыған самаурындай бұрқ-сарқ қайнап ентiге кiрдi. Т.Сәук. ~ Қайда тентіреп кеттің? Жүре түссең етті?.. Үйдің саған не керегі бар?..— деп, бұрқ-сарқ етеді. Ж.Айм. ~ Әлгіндегі ашулы келістерінен, бұрқ-сарқ еткен сөздерінен із де қалған жоқ еді. С.Мұр.
ә) Қым-қуыт, дүрілдеп тұрған тірлік туралы.~ Бұрқ-сарқ қайнаған өтпелі дәуір бір қалыпқа түссін, қанды көбігі тарап, сорпасына дәм кірсін. Қ.Жұм. ~ Жатақхананың сырты жым-жырт болғанмен, iшi тайқазандай бұрқ-сарқ қайнап жатыр екен. Т.Сәу.