Posted in

БҰТ (БҰТЫН) АРТТЫ

Атқа отырды, көлікке мінді. ~ Әйтпесе осы күні, — ақын оң жағындағы председательге бір қарап қойды, — көп азаматтар көзіне жылқы баласы көрінсе болды, соған бұт артып, шаба жөнелетінді шығарды ғой. Ә.Нұрш. ~ Осы сенің не ойлағаның бар? – Әшімхан Жанахметке қарады. – Елдің көбі ат арқасына бұт артуға зар боп жүрсе, ылғи кері сиесің. Бұ не кергіс. К.Хамз. ~ Дымымды шығармай, жөтеліп-жөткерінбей киіндім де, Тарланкөкті ауыздықтамастан, тізгінін ұстамастан бұтымды арта салып, жөнеп бердім. Б.Қыд.