Басқаша тұжырымдаса. ~ Кенжехан ағамыз әліпті таяқ деп білмейтін сауатсыздығынан коммунист бола алмай, бүгінгі бар жеткен даражасы – пом.охран, былайша айтқанда, Сахиқожа жездеміздің көмекшісі. Қ.Ысқ. ~ Көзге бір түсіп, бір түспейді. Яғни үнемі емес, тұрақты емес. Былайша айтқанда сатса да, тәнін анда-санда сататын әйелдерге тура келетін сияқты бұл мағына. К.Өтж.
