Мәселе қайда жатыр. ~ Жо, мәселе оның кітап оқымағанында емес-ау. Бар пәле оның білмегені жайлы білгішсіне сөйлеуінде ғой. Осы қиянатын ол шаруашылыққа да істеп жүр. Егіншілікке де, зоотехникаға да ол осы әдебиетке қарағандай қарайды. Міне, гәп қайда. Оның долбарлап сөйлегенінен әдебиет жапа шекпес-ау, ал шаруашылықтың жапа шегіп жүргені хақ… С.Мұр. ~ Сөйтсе, ол ұран екен. Ұран болғанда да кісінің зәре иманын ұшыратын ұран боп шықты. «Жойылсын байлар, жасасын кедейлер!» Міне, гәп қайда! Ал бұлар осындай үзілді-кесілді саяси ұранның астында үш күн бойы (!) мамыражай өмір сүріп келген! Д.Ис.
