Posted in

ГӘП СОНДА (ОСЫНДА)

Бар кілтипан, құпия басқада д.м. ~ Бес рулы ел осы тоғанды бес жыл қазды. Ана ирелеңді көрдің бе, гәп сонда, сол ирелең арқылы жетектейсің де отырасың. Сонда өрдің өзі ылди секілді болады. К.Қаз. ~ Қоңырқұлжа бұларды патша қызметі үшін қауіп-қатерлі Кенесары ауылдарына жібермек түгіл, аждаһаның апанына да жұмсауға шімірікпейді, тек… балалары айтқанын орындай ма, гәп сонда. І.Ес. ~ Әрине, жуынып-шайынатын монша, кітап, журнал оқитын қызыл бұрыш отыз шақырымдық Қараүңгірде екен… Осының бәрі озу, алға басу. Бірақ қаншалықты алға озды — гәп осында! Оқ бойы ма, көш ілгері ме? Әлде таяқ тастам жер ме? М.Қаб.