Posted in

ГҮЛ-ГҮЛ (ГҮЛ) ЖАЙНАДЫ

Безеніп, нұрланды. ~ Оқу майданындағы жарты жылдықты өте жақсы бағамен аттандырып, «уһ» деп бір дем алған соң солай көріне ме, қалай, Алматы, әсіресе, бүгін айрықша қырланып, гүл-гүл жайнап кеткен тәрізденді. М.Им.

Шаттық кернеген жүзі құлпыра түсті. ~ Бір гүл сайын бір бұлбұл. Асты бір гүл жайнаған, Үсті бұлбұл сайраған, Мейлің жыла, мейлің күл. М.Жұм. ~ Бұл күрсінген Ұрқия еді. Жаңа камзол киген кішкене Сараның гүл-гүл жайнаған ажарын көргенде, ішкі дерті тағы бір қозғалып, еді. Ой, дүние-ай! Тым болмаса, жасаған осындай бір жалбыр шашты қимады ғой! Ж.Айм. ~ Сол жазда ажарыңды ашып гүл жайнап, осы жайдақ жатқан аңыздан анау үлкен жолға дейін құлпырып тұрмады ма. Гүлдің көріктісі қызғалдақ емес пе, шіркін! Ш.Айт. ~ Бірақ сымбатты денесінің жұмыр жерлері толыға, белі бұрынғысынан да қыналып, үстіндегі ақ көйлегінің гүліндей, түс сипаты гүл-гүл жайнайды. Қасіреттен гөрі бақыт жеңген жандай. І.Ес.