Posted in

ГҮЛ ЖАЗИРА

Гүл жайнаған өлке. ~ «Бір жағы құм, бір жағы шың, көк теңізден басқа суы жоқ, көкпектен басқа шөбі жоқ айна таз ала түз деп қомсынбаңдар. Осы құм мен шөл ырыстарың, әйтпесе, гүл жазира иранбақ болса кез келген тентек найзасын шошаңдатып күн бермес еді»,— дейтін. Ә.Кек. ~ Шіркін-ай, жарқындығы қандай еді, Құрбының өзі тұтас маңдайы еді, Бағдаттың шаһарындай гүл жазира, Мақсатқа кімдер жеткен, уа, дариға. Естай.