Гүл жайып, құлпырды. ~ Қияға қадам басқаны рас. Бір күндерде жалаң құздың басындағы тақыр құм мен тастақты жарып, әлсіз нәзік шешек атып, жас шынар пайда болған. Сондай бір өмір гүл шашқан. М.Әу. ~ Мүмкін, ақтық сәтте есіне Оралы түскен шығар. Немесе, наяты бір желді аяқ жылқы үшін сүймеген адамына еріксіз теліп, гүл шашқан өмірін мезгілсіз солдырған әкеге айта алмай жатқан наз – наласы шығар. Т.Әл. ~ Дәрмен ойы ұзай түсті. Кең шабытпен байқап шолып аңдаса, Абай өзін ұзақ өмір бойында сол сахараға гүлдер шашқан, асыл ұрықтар таратқан бәйтерекке теңепті. М.Әу.
