Posted in

ГҮЛГЕ ОРАНДЫ

Жайнаған, қызыл-жасыл гүл жамылды. ~ Сиқырлы гүлге оранған жібек майда, Сылдырлап сылқ-сылқ күлген терең сайда Ерке өзен жанын өртеп, жармен ойнап, Сүйгізген ақ бетінен күміс Айға. М.Жұм. ~ Ауыл артында, батыс бетте тиіп тұрған қырқадан асып түскенде басталатын ну орманды, жасыл желек жамылып, гүлге оранып тұрған әсем сайға батып екі жігіт кетті. Ж.Ахм. ~ Қаланың оңтүстiк батысы жағында айналасы әр қилы гүлге оранған бау–бақшалы бiр үй адамдары бүгiн күндегiдей ерте оянып едi. Р.Рай. ~ Шамасы, мамыр айы сияқты, төңірек түгел аппақ гүлге оранған, ағаш бүрін үрлеп қалсаң, үлбіреп ақ көбелек ұшатындай. Жетектегі ұл мен қызды да ақ көбелек тей үлбірете киіндіріпті. Д.Әш. ~ Қатарласа жүріп келе жатқан Ханшайым мен Сырым, бір кезде аппақ гүлге оранған тапалдау келген бір алма ағашының жанына кеп сәл кідірген. І.Ес.