Posted in

ГҮЛДЕЙ ЖАЙНАДЫ (ҚҰЛПЫРДЫ)

Сәні, реңі кірді, шырайыланды. * Бәйшешектей киініп, тотықұстай түрленген қыз-келіншек қалың жиналыстың бір жағын тұтасымен сәндендіріп, гүлдей жайнап, көрік береді. І.Жанс. * Жаңа ғана қалғып-мүлгіп отырған сорлылардың көздері күздің күні таңғы шықта өлеусіреп тұрып, күн шуағы тиісімен қауызын ашып жайқала жөнелетін гүлдей жайнаған. Н.Дәу. * Ашық есіктен әрі жатқан ақша құмдарға, айна -таза аспанға, ортадағы гүлдей жайнаған қырмызы шоққа қарап отырып, екеуі үнсіз шай ішті. С.Ел.

Өңі шырайланып, сұлуланды, ажары кірді. * Осы үйге басын сұға берген Шыңғыстық кезі, ең алдымен, ақ шымылдықтың ішінде, кескіні қызғылт гүлдей құлпырып отырған Ұлпанды шалып қалды. С.Мұқ.