Posted in

ГҮРЗІДЕЙ ЖҰДЫРЫҚ

Үп-үлкен, тастай қатты, ауыр жұдырық. ~ Міне, өстіп діңкеңді құртады ғой Айсұлу тірі тұрса. Тастыбай тілін тістейді де, себепсізден– себепсіз гүрзідей жұдырығымен сылақ қабырғаны солқ еткізеді. Қ.Жиен. ~ Көзімді ашып алғанда бәрі ду күлді. Сүйтсем, ет қызуымен кез келгенді басқа-көзге төбелеп келе жатқан Әлібек екен, мені бөтен біреу деп гүрзідей жұдырығымен ұрған. С.Жүн. ~ Шегебайдың жарымжан аяғымен қалай орнынан ұшып тұрғандығын ешбірі байқамай қалды. «Дүлей ғой мына ақсағың! » Көк желкеден тиген гүрзідей жұдырық алғашқы екеуін қосақабат сыртқа атып жіберді. Қ.Жиен.