Posted in

ҒАЗИЗ АНА

Ардақты, асыл ана. * …Жалынған ғазиз Анам, сұрап қалған, Жоғалды сол бетімен бірақ та арман. М.Мақ. * Әңгіменің түп төркіні – шешенің жалғыз перзентіне деген түпсіз терең сүйіспенділігі мен өлшеусіз махабатында. Ғазиз ананың шын кешірімшілдігі мен ұлы мейіріміне қарадай қайран қаласыз! Д.Дос. * Біздің өткен замандағы ғазиз аналарымыз, әз әжелеріміз осы шабындыдан келген қалмақтың қыздары еді. Т.Әс.